Атырау, 18 мамыр 14:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Гонконгте депутаттарды сайлау шарасына 31 мың полицей жұмылдырылған

2 189 просмотра


Гонконгте бүгін қала аудандары кеңесінің депутаттарын сайлау өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Арнайы аймақ халқы 18 қалалық округтың өкілдерін таңдайды. Додаға 1 мыңнан астам үміткер тіркелген. Жалпы 600 сайлау учаскесі ашылған. Аймақта 4 миллионнан астам адамның дауыс беру құқығы бар. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, тұрғындар өте жоғары белсенділік танытып жатыр. 

Себебі бұған дейін аудандық кеңестің 75 процентін билік басындағы партия өкілдері құрап келген. Ал саяси шараның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 31 мың полицей жұмылдырылған. Еске сала кетейік, Гонконгте көктемнен бері билікке қарсы шерулер жалғасып келеді. 

Дереккөз: 24.kz

24 қараша 2019, 14:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.