Атырау, 18 мамыр 19:37
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Киев: Ресей Қырымда 110 саяси тұтқынды ұстап отыр

2 832 просмотра


Ресей Қырымда 110 саяси тұтқынды ұстап отыр. Бұл ақпаратты 22 қарашада Қырымдағы Украина президентінің өкілі Антон Кориневич хабарлады. Оның айтуынша, барлық тұтқындар Киев пен Мәскеу алмасатын сотталушылар тізімінде бар.

Тұтқын алмасу мәселесі 9 желтоқсанда Парижде өтетін "норман төрттігі" саммитінде де талқыланады. Оған Украина, Германия, Франция және Ресей басшылары қатысады. Ресей мен Украина ''бәріне бәрі" схемасы бойынша тұтқын алмасуға алдын ала келіскен. Қыркүйек айында Мәскеу мен Киев "35-ке 35" формуласы бойынша тұтқын алмасқан.

Зеленскийдің Қырымдағы өкілі бұған қоса, Украина билігі түбекті күшпен қайтаруға күш салмайтынын айтты. Президент кеңсесі мәселе келіссөз арқылы шешіледі деп үміттенеді. Жақын арада Киев Ресейдің Қырымдағы әскері мен қаруы жайлы есеп жариялайды. Киев барлық материалды халықаралық ұйымдарға тапсырып, Мәскеуге санкцияны күшейтуге атсалыспақ.

Ресей 2014 жылы Қырымды аннексиялап алды. Киев және Батыс елдері бұл халықаралық құқық нормасына қайшы деп есептейді. АҚШ пен Еуроодақ осыған байланысты Кремльге санкция салды. Мәскеу Қырым аннексиясын "тарихи әділдіктің орнауы" деп атады.

Дереккөз: Азаттық радиосы

23 қараша 2019, 10:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.