Атырау, 20 мамыр 13:08
 ашықВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

АҚШ түрмелерге жылына 80 млрд доллар жұмсайды

2 753 просмотра

АҚШ түрмелерге жылына 80 млрд доллар қаражат жұмсайды. BNews.kz хабарлағандай, бұл жөнінде Қазақстанның қаржы вице-министрі Руслан Дәленов Twitter –дегі өз микроблогында мәлімдеді. 

«АҚШ-та 2 млн адам темір тордың ар жағында жаза мерзімдерін өтеуде және ол мемлекетте түрмелерге жылына 80 млрд доллар қаражат жұмсалады. Салыстыру үшін айтсақ, бұл ҚР-ның жылдық мұнай табысынан да көп», – деп жазады қаржы министрінің орынбасары.

Еске сала кетсек, ҚР Статистика агенттігінің мәліметіне сәйкес, 2011 жылда Қазақстан 8 трлн 512 млрд 2 млн теңге немесе 57 млрд 748 млн АҚШ долларына (доллар курсын теңгеге шаққанда 150 теңге кезінде) мұнай шығарды.

Дереккөз: bnews.kz

2 қараша 2012, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.