Атырау, 18 мамыр 20:25
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Тәжікстан шекарасына шабуыл: «ИМ» тобы Орта Азияны нысанаға алды ма?

2 206 просмотра


Орта Азия елдерінің көптен бері ойға бүккен күдігі мен алаңдаушылығы ақыры шынға айналғандай. Тәжікстан үкіметі ел шекарасына өздерін «Ислам мемлекеті» деп атаған террорлық топтың шабуыл жасағанын мәлімдеді. 

Тәжікстан ресмилерінің мәлімдеуінше, 6 қараша күні таңғы сағат 03:00 шамасында «ИМ» террорлық тобының 20 содыры шекара бекетіне шабуыл жасаған. Шекара күзеті жасақтары және полициямен қақтығыс кезінде террорлық топтың 15 адамы оққа ұшқан. Алайда, қазірге дейін аталған террорлық ұйым бұл шабуылға қатысы бар-жоғы туралы мәлімдеме таратқан жоқ. Тәжік полициясы аймақтағы жолдарды жауып тастады. Бұл маңға жақын Өзбекстан шекара күзеті де қатаң күзет режимін орнатқан. 

Тәжіктің Қорғаныс министрлігі оқиға орнынан күйіп кеткен адам мүрделері мен өртенген көліктердің суретін жария еткен. Мәліметке қарағанда шабуыл жасалған шекара бекеті Тәжікстанның орталық қаласы Душанбеден 60 шақырым қашықтықта. Шабуылға қатысы бар деген 5 күдікті қамалған. Сол елдегі ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл қарулы содырлар ел шекарасына 3 қарашада Ауғанстанның Құндыз (Кундуз) провинциясынан өтіп келген. Тағы бір назар аударатын жайт – қарулы топтың шекараға жасаған шабуылы Тәжікстан мен Өзбекстан арасындағы шекара дауына байланысты келісімге қол қойғаннан кейін болып отыр. 

Айта кетейік, Ирак пен Сүрия жерінде жеңіліс тапқан «ИМ» террорлық тобы саяси тұрақсыздық күшейген Ауғанстан жеріне жинала бастаған болатын. Террорлық топтың бұл әрекеті Орталық Азия елдеріне жаңа қауіп жаратуы мүмкін екені бұдан бұрын да айтылған. 

Дереккөз: Qazaqtimes.com

7 қараша 2019, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.