Атырау, 18 мамыр 21:08
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Түркия ДАИШ басшысы әл-Бағдадидің әйелін қолға түсірді

1 900 просмотра


Түркия әскери қызметкерлері жақында өлтірілген "Ислам мемлекеті" террор ұйымының жетекшісі Әбу Бәкір әл-Бағдадидің  бір әйелін қолға түсірді. Бұл ақпаратты Түркия президенті Режеп Ердоған мәлімдеді. 6 қарашада Анкара университетінде сөйлеген ол операцияның жай-жапсарын айтпады.

"Біз оның әйелін ұстадық, бірақ шу көтерген жоқпыз. Сирия аумағында одан бөлек оның әпкесі мен күйеу баласы ұсталды" деді Ердоған. Ол әл-Бағдадидің әйелін әскерилер қашан қолға түсіргенін де айтпады.

Әбу Бәкір әл-Бағдадидің қанша әйелі болғаны әзірге белгісіз. AP агенттігінің жазуынша, оның төрт әйелі болған. Ирактағы құпия дереккөзге сүйенген Reuters агенттігі оның үш әйелі болғанын айтады.

5 қарашада түрік әскерилері әл-Бағдадидің әпкесін қолға түсіргенін айтқан. Расмия Авад Сирияның солтүстік-батысында жасырынған. Онымен бірге оның күйеуі, келіні, бес баласы қамауға алынған.

"Ислам мемлекеті" террор ұйымының басшысы Әбу Бәкір әл - Бағдади өткен айда АҚШ әскерінің арнайы операциясы барысында өзін-өзі жарып жіберген. Осы рейд кезінде "Ислам мемлекеті" туралы маңызды ақпараттары болуы мүмкін құжаттар табылған.

Дереккөз: Азаттық радиосы

7 қараша 2019, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.