Атырау, 18 мамыр 22:08
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Билл Гейтс әлемдегі дәулетті адамдар рейтингіндегі орнын жоғалтты

2 699 просмотра


Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс әлемдегі дәулетті адамдар рейтингінде үшінші орынға түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Forbes-қа сілтеме жасап. 

Forbes рейтингіндегі екінші орын француз бизнесмені, Louis Vuitton Moët Hennessy компаниялар тобының президенті Бернар Арноға бұйырды. Оның дәулеті 107 млрд доллар деп бағаланып отыр. Гейтс 106,8 млрд көрсеткішпен үшінші орынды иеленсе, бұл тізімде бұрынғыша Amazo негізін салушы Джефф Безос көш бастап тұр. 

Оның дәулеті 112,4 миллиард доллар деп бағалануда. Маусымда Арноның әл-ауқаты алғаш рет 100 млрд доллардан асып, рейтингтің алғашқы үштігіне бірінші рет кірген еді.

Дереккөз: Inform.kz

6 қараша 2019, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.