Атырау, 18 мамыр 15:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Атамбаевты экс-президент мәртебесінен айыру заңды деп танылды

2 059 просмотра


Қырғызстан Жоғарғы сотының Конституциялық палатасы елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты экс-президент мәртебесінен айыруы заңды деп мәлімдеді.

"Конституциялық палата мүшелері парламентте аталған қаулы қабылданар кезде, Ата заңға қайшы келмеді деп таниды", - деп мәлімдеді палата өкілі ТАСС агенттігіне.

Сот шешімі соңғы, бұл қайта шағымдануға келмейді, деп жазады centralasian.org.

Атамбаевты 8 тамызда өзі тұратын резиденциясына арнайы операция жүргізу арқылы ұстады. Оны оған дейін үш рет тергеуге шақырған. Маусым айында қырғыз парламенті Атамбаевты экс-президент мәртебесінен айырды. Бірақ ол бұл заңды мойындамады.

Қазір елдің бұрынғы президенті арнайы қызметтің тергеу абақтысында жатыр. Ол бұрынғыдай қандай да бір куәлік етуден бас тартып жатыр.

Оның адвокатының айтуынша, бұрынғы президент 14 қылмыстық іс бойынша тергеліп жатыр. Ол тәртіпсіздікті ұйымдастырды, билік өкілдеріне қауіп төндірді, заңсыз қару-жарақ тасымалдады және бірнеше коррупциялық істер бойынша күдікті ретінде айыпталып жатыр. Ол сонымен бірге Кой-Таштағы жер учаскесін заңсыз алды деп тергеліп жатыр.

Дереккөз: zakon.kz

25 қазан 2019, 11:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.