Атырау, 22 мамыр 06:22
 ашықВ Атырау +23
$ 441.80
€ 480.02
₽ 4.88

«Болашаққа» құжаттар қабылдау мерзімі өздігінен түсуші үміткерлерге ұзартылды

2 769 просмотра
Министерство образования и науки Казахстана«Болашақ»  халықаралық шәкіртақысын тағайындауға құжаттар қабылдау мерзімі өздігінен түсуші үміткерлерге ұзартылды, тиісті бұйрыққа Қазақстанның Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов қол қойды.

«Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573  қаулысымен бекітілген «Болашақ»  халықаралық шәкіртақысын тағайындауға  үміткерлерді  іріктеу  Ережесін жүзеге асыру мақсатында  бұйырамын:  2012 жылғы 19-30 қарашада  өздігінен түсуші үміткерлер санаты бойынша  «Болашақ»  халықаралық шәкіртақысын тағайындау үшін  байқауға қатысуға  құжаттар қабылдаудың қосымша мерзімі  бекітілсін», - делінген сәрсенбіде Қазақстанның мемлекеттік  БАҚ –тарында жарияланған құжат мәтінінде.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары

31 қазан 2012, 09:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.