Атырау, 18 мамыр 19:37
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Сеул мен Уашингтон жаңа келісімшартқа қол қойды

2 246 просмотра


Оңтүстік Корея мен Америка келіссөздердің екінші жиыны Корей түбегінде америкалық әскерлерді орналастыру жөнінде өтті. Бұл туралы KBS телеарнасы хабарлады. 

Мәліметтер бойынша, оңтүстік кореялық делегацияны Қаржы комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Чон Ын Бо, ал Америка делегациясын Мемлекеттік департаменттен Джеймс Дехарт басқарды. Қыркүйекте Сеулде өткен келіссөздердің бірінші жиыны кезінде тараптар осы мәселе бойынша пікір алмасқан болатын. АҚШ сол кезде Сеулдің шығындарын едәуір ұлғайту қажеттігін айтты, өйткені Корея Республикасында американдық әскери контингентке жылына $5 млрд.жұмсалады. Оңтүстік Корея өкілдері АҚШ-қа қорғаныс шығындарын бөлуге қолайлы және ұтымды жобаларды ұсынған. 2019 жылы Оңтүстік Кореяның АҚШ әскери контингентіне жұмсалатын шығындары 8,2% -ға яғни 1,04 трлн вонға ($915 млн) артты. Оңтүстік Кореяда 28,5 мың АҚШ әскери келуін қаржыландыру туралы бес жылдық келісімнің мерзімі өткен жылы желтоқсанда аяқталған. Оған сәйкес Сеул әкімшілігінің жыл сайынғы шығындары шамамен 960 млрд вонға ($860 млн) жеткен. Енді тараптар бір жылға арналған жаңа келісімшартқа қол қойды.

Дереккөз: Qazaqtimes.com

23 қазан 2019, 11:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.