Атырау, 18 мамыр 22:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Гонконгте жаппай қарсылық қайта басталды

2 278 просмотра


Екі аптаға жуық тыныштықтан кейін Гонконгте демократияшыл көңіл күйдегі мыңдаған белсенді тағы да шеруге шықты. AP және Reuters агенттіктерінің мәліметіне қарағанда, жексенбі күні рұқсат етілмегеніне қарамастан өткен шеруге ондаған мың адам қатысқан.

Полиция бұ жолы да көзден жас ағызатын газ қолданып, су шашты. Шеруге шыққандардың кейбір тобы полицияға жанғыш бөтелке лақтырып, көшелерді бөгеп тастаған. Зардап шеккендер жайлы ақпарат жоқ.

Гонконгтегі қарсылық марштары қылмыстық іске күдікті деп танылғандарды Қытайға экстрадициялау туралы заң жобасына қарсы осыдан төрт ай бұрын басталған. Одан бері Гонконг әкімшілігі заң жобасынан бас тартқанын бірнеше рет мәлімдесе де Гонконгтің Қытайдан егемендігін қорғау жайлы ұран көтерушілер легі толастамады.

Қарсылық акциялары барысында екі адам оқ тиіп жараланды, біреуі қайтыс болды. Мыңдаған адам жеңіл жарақаттанды, екі жарым мыңнан астам адам қамауға алынып, қуғын-сүргінге ұшырады.

Дереккөз: Азаттық радиосы

21 қазан 2019, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.