Атырау, 18 мамыр 22:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Трамп Түркияға қысым жасау үшін Анкараға Пенс пен Помпеоны жібереді

2 786 просмотра


АҚШ-тың вице-президенті Майк Пенс мен мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Анкараға қысым көрсетіп, түрік әскерінің күрд жасақтарына шабуылын тоқтатуды талап ету үшін Анкараға барады. 

Бұл ақпаратты сейсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп жариялады. Дональд Трамп Сириядағы әскери операциясын тоқтатпаса, АҚШ-тың Түркияға мейлінше қатаң санкция салатынын ескертті.

АҚ үй мәлімдемесіне қарағанда, Майк Пенс Түркия президенті Реджеп Ердоғанмен кездеседі. Кездесу бейсенбіде Анкарада өтеді.

АҚШ бұған дейін Сирияның солтүстігінде әскери операцияға кіріскен Түркияның қорғаныс министрлігі мен энергетика министрлігіне және осы екі министрліктің басшыларына санкция салған болатын.

Дереккөз: Азаттық радиосы

16 қазан 2019, 11:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.