Атырау, 20 мамыр 03:48
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Жапонияда тайфун салдарынан 19 адам мерт болды, 16-сы іздестірілуде

2 575 просмотра


Жапонияға төнген «Хагибис» тайфунының салдарынан 19 адам қаза болып, 16-сы із-түзсіз жоғалды. Бұл туралы ҚазАқпарат Kyodo News-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Мәлім болғандай, тағы 100-ге жуық адам зардап шеккен. Мамандардың бағалауынша, Жапонияның кейбір аудандарында су тасқындары болуы мүмкін. Елдің басты аралы – Хонсюда тұратын 6 миллионнан астам адамды эвакуациялау қажеттігі айтылды. Пойыздардың дені тоқтап, ел астанасы мен оған жақын маңдағы аудандарда әуежайлар жабылды. Жексенбі күні Токиода, сондай-ақ Жапонияның орталық және шығысындағы басым аумақта халықты эвакуациялау ұсынысы кері қайтарылғанымен, Жер ресурстары, инфрақұрылым, көлік және туризм министрлігінің мәліметінше, 12 префектурада топырақ көшкіні мен сел тасқындарының 48 оқиғасы тіркелген. 

Сондай-ақ 9 өзен арналарынан шыққан. Су бөгеттерінің жарылуының алдын алу мақсатында кейбір нысандарда суды ағызып жіберу шараларына рұқсат етілді. Жергілікті жағалау күзетінің ақпаратына сәйкес, сенбі күні кешке Токио шығанағында 12 экипаж мүшесі мінген панамалық жүк кемесі суға батып кеткен. Бұл аумақта құйынды жел мен нөсерлі жауын болған. Жексенбі күні таңертең экипаждың бес мүшесі құтқарылды. Алайда, олардың бірі кейін көз жұмды.


Дереккөз: Inform.kz

13 қазан 2019, 14:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.