Атырау, 20 мамыр 05:27
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Ердоғанға жасалған ұсыныс: Трамп күрдтерді қорғап қалу үшін не істеді?

2 388 просмотра


АҚШ Түркияның күрдтерге қарсы шабуылын тоқтату үшін F-35 ұшақтарын сатып беретінін айтқан. Бұндай ұсынысты президенті Трамп Түркия президентімен телефон арқылы сөйлескен кезде ортаға қойған. 

Бұдан бұрын Анкараның ресейлік әуе қорғаныс жүйелерді сатып алғанын айыптап, АҚШ F-35 ұшақтарын жауынгерлік ұшақтарды сату келісімін тоқтатқан болатын. Бұл кірбеңдік өз кезінде АҚШ-Түркия қатынасына салқынын тигізген еді. Трамптың Ердоғанға жасаған ұсынысы туралы Мемлекеттік департаменттің лауазымдысына сілтеме жасай отырып «Уашингтон Пост» басылымы жазды. 

Аты-жөні жасырылған бұл лауазымды тұлғаның айтуынша, Трамп Түркия Сүрияның солтүстігіндегі әскери әрекеттерін тоқтататын болса, F-35 ұшақтарын сатуды жандандырумен бірге экономикалық жеңілдіктер ұсынатынын айтқан. Әрі, Түркия президентін Құрама Штатқа шақырған. Алайда, президент Ердоған америкалық әріптесінің "бағалы" ұсынысына қандай реакция танытқаны беймәлім. Әскери әрекеттердің жалғасып жатқанына қарап Трамп ұсынысы толықтай қабылданбағанын білуге болады. 

Дереккөз: Qazaqtimes.com

11 қазан 2019, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.