Атырау, 20 мамыр 03:04
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Иран әйелдерге стадионда футбол көруге рұқсат берді

1 660 просмотра


Иранда әйелдердің стадионға кіріп, футбол көруіне1981 жылдан бері алғаш рет рұқсат берілді. 10 қазанда үш мыңнан астам әйел Тегерандағы "Азади" стадионында өткен Иран-Камбоджа футбол матчын тамашалады. Бұл ойында ирандықтар 14:0 есебімен ұтты.

Құқық қорғаушылар оқиғаны түрліше бағалады. Human Rights Watch адам құқығын қорғау ұйымы билеттер тек таныспен сатылғанын, 78 мың орындық "Азади" стадионында әйелдерге 3,5 мың ғана орын бөлінгенін сынады. Amnesty International ұйымы оқиғаны "көзбояушылық" деп атады.

1979 жылғы Ислам революциясынан кейін әйелдерге ерлер құрамасы қатысатын футбол ойындарын көруге тыйым салған. Соңғы жылдары баскетбол мен волейболды да көруге шектеу қойған. Футбол көру үшін ер адамша киініп, стадионға барған кейбір әйелдер ұсталып, жазаланған.

Биыл күзде 29 жастағы футбол жанкүйері  Сахар Ходаяри әйелдерді стадионға кіргізбегені үшін сот ғимараты алдында өзін-өзі өртеп, көз жұмған. Осы оқиғадан соң Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) Иран билігін айыптаған.

Дереккөз: Азаттық радиосы

11 қазан 2019, 10:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.