Атырау, 20 мамыр 04:52
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Зеленский 14 сағат бойы баспасөз мәслихатын өткізіп, рекорд орнатты

1 898 просмотра


Украина президенті Владимир Зеленский баспасөз марафонын өткізді. Оның журналистермен әңгімесінің трансляциясын Президент кеңсесі Facebook желісінде таратты, - деп хабарлайды Lenta.ru.  

Мемлекет басшысы көлемді баспасөз мәслихатын сағат таңғы 10-ға қойған, шара түнге қарай аяқталды. Осылайша, Зеленский журналистердің сұрақтарына 14 сағат бойы жауап берді. Сұрақтар да әртүрлі болды - Донбасстағы жағдайдан тағам таңдауына дейін.

Баспасөз мәслихаты Kyiv Food Market фудкортында өтті. Зеленский жеті-он адамнан құралған журналистер тобына жауап берді. Әр топқа президентпен сөйлесуге жарты сағаттан берілді. Шараны Украина ұлттық рекордтар тізілімі атап өтті. Рекордтар кітабының өкілдері сегіз сағаттан соң Зеленскийге сертификат табыстады, мұнда "президенттің әлемдегі ең ұзақ баспасөз мәслихаты" деп жазылған. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

11 қазан 2019, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.