Атырау, 20 мамыр 03:33
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Түркия көптен жоспарлаған әскери операциясын бастады

2 333 просмотра


Түркия қарулы күштері Сүрияның солтүстік-шығысында күрд қарулы күштеріне бағытталған шабуылды ақыры бастады. 

Қайталай ескерте кетейік, күрд қарулы күштері (YPG) Анкара жағынан террорлық ұйым деп саналғанымен, АҚШ бастаған Батыс елдері өздерін «Ислам мемлекеті» атаған террорлық ұйымға қарсы күрестегі одақтасы қатарында көреді. Сүриядағы күрдтердің ақпарат құралдары Түркия әуе күштері шекара маңындағы шағын қалашықтарға әуе шабуылын жасағанын хабарлады. Күрдтер қоныстанған бірнеше қалалар әуе шабуылына ұшырады деген де хабарлар тараған. 

Күрдтер басқаруындағы Сүрия Демократиялық армиясы жасаған мәлімдемеде Түркия әуе күштері бейбіт тұрғындарға шабуыл жасады деп те айыптады. Ал, кеше Түркия президенті «Бейбітшілік көктемі» деп аталатын шараның басталғанын, бұл Түркияға төнетін терроризм қаупін жою мақсатында жасалып жатқанын мәлімдеді. Күтпеген жерден, АҚШ өз әскерлерін Түркия әскери операция бастаған аймақтан шығаруды бірнеше күнненн кейін аяқтайтынын мәлімдеді. 

Алайда, бұған қарамастан Анкара әскерлеріне шабуылды бастауға бұйрық берген. 

Дереккөз: Qazaqtimes.com

10 қазан 2019, 11:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.