Атырау, 20 мамыр 04:52
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Ресей мен Солтүстік Корея жалған ақпаратпен "бірігіп күреседі"

2 169 просмотра


Ресейдің ТАСС агенттігі және Солтүстік Кореяның орталық телеграф агенттігі Пхеньянда әріптестік туралы жаңа келісімге қол қойды. Екі агенттік жалған ақпаратпен бірігіп күресуге уағдаласты.

"Ақпарат саласында деректердің бұрмалануын жиі байқап жүрміз, жалған ақпаратпен күресуіміз қажет" деді Кореяның орталық телеграф агенттігінің бас директоры Ким Чан Гван.

Бұған дейін Солтүстік Корея сыртқы істер министрлігі ақпарат департаментінің директоры "Ресей мемлекеттік ақпарат құралдары Вашингтон мен Пхеньян арасындағы мәселеде Солтүстік Корея ұстанымын объективті жеткізеді" деп бағалаған.

Пхеньянға барған Ресей делегациясының құрамында "Роспечать" басшысы Михаил Сеславинский, Бірінші арна басшысы Константин Эрнст, ТАСС агенттігінің өкілдері Сергей Михайлов, Михаил Гусман және Марат Абулхатин болған.

Дереккөз: Азаттық радиосы

10 қазан 2019, 09:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.