Атырау, 19 мамыр 23:44
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Үндістанда Махатма Гандидің күлі ұрланды

2 117 просмотра


Махатма Ганди Үндістандағы ұлт-азаттық қозғалыстың қайраткері Махатма Гандидің күлін Мадхья-Прадеш штатындағы мемориалдан ұрлап кетті. Бұл туралы lenta.ru India Today басылымына сілтеме жасап хабарлады. 

Саясаткердің 150-жылдық мерейтойы тойланған күні "Бапу Бхаван" музейінен оның күлі жоғалғаны мәлім болған. Сондай-ақ, беймәлім адамдар елде "ұлт әкесі" саналатын Гандидің суретінде "сатқын" сөзін бояумен жазып кеткен.  Ақпаратты жергілікті депутат Гурмит Сингх хабарлады. "Бұл Гандиді өлтірген Натхурам Годзені ұнататындардың ісі сияқты. Мұндай өшпенділікті дереу тоқтату керек және полиция қылмыскерлерді анықтау және ұстау үшін тез әрекет етуі керек", - деді ол. 

Полиция қызметкерлері шағым түскеннен кейін тергеуді бастаған, қазір олар бақылау камераларына түскен видеоларды зерттеп жатыр.  Махатма Ганди зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсы болған. Ганди аштық жариялау арқылы ең төменгі каста өкілдерінің құқығын қорғаған. Ол ұлтшыл Натхурам Годзенің қолынан өз үйінің алдында 1948 жылдың 30 қаңтарында қаза тапқан. Осыдан кейін оның денесі кремацияланып, күлі бірнеше бөлікке бөлінген. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

4 қазан 2019, 12:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.