Атырау, 19 мамыр 23:44
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Украинадағы орыстілді мектептердің бәрі украин тіліне көшірілуде

2 016 просмотра


Елдегі барлық орыстілді мектептер 2020 жылдың қыркүйегінде украин тілінде оқытуға көшеді. Бұл туралы Украинаның білім министрі Анна Новосад "Прямой" телеарнасының эфирінде айтты, деп жазады Lenta.ru.

Сонымен қатар, тағы үш жылдан кейін – 2023 жылдың қыркүйегінде – Еуроодақ тілдерінде оқытатын оқу орындары да украин тіліне көшіріледі.

"Біз осы өтпелі кезеңге дайындалуымыз керек", - деп атап өтті министр.

Бірақ бұған қарамастан украин тіліне көшірілетін барлық мектептерде ана тілін үйрену мүмкіндігі болады, деп толықтырды Новосад.

Украинада "Украин тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі қызметін қамтамасыз ету туралы" заң 16 шілдеде күшіне енді.

Құжат украин тілін мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару, білім беру мекемелері, ауруханалар және қызмет көрсету саласы үшін міндетті етуді көздейді.

Заң бойынша, армияда, құқық қорғау органдарында, жарнамаларда, сайлау науқандары мен референдумдарда украин тілінде сөйлеу міндетті.

Дереккөз: Zakon.kz

4 қазан 2019, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.