Атырау, 20 мамыр 02:45
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Ирактағы шеруде отыздан астам адам өлді

2 225 просмотра


Ирактағы жемқорлық пен жұмыссыздықты жоюды талап еткен шерулер кезінде кемінде 28 адам қаза тапты. Associated Press агенттігі 3 қазанда кешкісін 33 адам өліп, жүздеген адамның жараланғанын хабарлады. Өлгендердің басым бөлігі бейбіт тұрғындар.

Полиция шерушілерді тарату үшін көзден жас ағызатын газ шашып, оқ атты. Ирак астанасы Бағдадта комендант сағаты енгізілді. Ирактың негізгі аумағында интернетке шектеу қойылды.

Үкіметке қарсы шерулер екі күн бұрын басталды. Олар жемқорлық пен жұмыссыздыққа наразылық білдіріп, су мен электр энергиясы тапшылығы мәселелерін де көтерді. Әлеуметтік желілерде үкімет отставкасын талап еткен ұрандар пайда болды.

Дәрігерлер мен қауіпсіздік органдарындағы дереккөздер Ирак оңтүстігіндегі Амара қаласында төрт адамның оққа ұшқанын, Ди-Кар провинциясында бір адамға оқ атылғанын хабарлады. Дәрігерлер 600-дан астам бейбіт адам мен қауіпсіздік қызметкерлері жараланғанын айтты.

Дереккөз: Азаттық радиосы

4 қазан 2019, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.