Атырау, 20 мамыр 03:33
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Солтүстік Корея тағы зымыран ұшырды

2 170 просмотра


Солтүстік Корея билігі су асты кемесінен баллистикалық зымыранды сәтті ұшырғанын хабарлады. Соңғы екі күнде осымен екі ядролық сынақ жүргізілді. Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын зымыранды ұшыру сәтін бақылап тұрды.

Солтүстік Корея 3 қазанда таңертең 2016 жылы шығарған баллистикалық зымыранның үшінші буынын сынақтан өткізді. Оны ғалымдар әлі де жетілдіріп жатыр. Бұған дейін БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяның әрекетін сынап, өзге елдерге қауіп төндірді деп айыптаған.

АҚШ және Солтүстік Кореяның келіссөз жүргізетіні белгілі болғаннан кейін зымырандар ұшырылды. Вашингон мен Пхеньян 5 қазанда кездесу өткізеді. Бұдан бұрын Вашингтон егер Пхеньян ядролық сынақты тоқтатса, санкцияны бәсеңдетуге уәде берген.

Дереккөз: Азаттық радиосы

4 қазан 2019, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.