Атырау, 20 мамыр 07:17
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

АҚШ пен Солтүстік Корея диалогы осы аптада қайта басталмақ

3 057 просмотра


АҚШ пен Солтүстік Корея ядролық келіссөздерді қайта бастамақ. Бұл туралы Солтүстік Кореяның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеген. 

Мәлімдемеде, 5 қазаннан тартып, АҚШ-КХДР арасында келіссөздің жаңа раунды басталады. Келіссөздердің жалғасуы туралы мәліметті АҚШ Мемлекеттік департаменті де растаған. Алайда, тараптар келіссөздің өтетін орны туралы мәлімет беруден бас тартқан. 5 қазанда тараптар Солтүстік Кореяның ядролық қарусыздану мәселесі бойынша негізгі ұстанымдар мен талаптарды үйлестіру мәселелерін талқыламақ. 

Айта кетейік, АҚШ президент Трамп өз өкілеттілігі тұсында Солтүстік Кореямен диалогты барынша дамытқаны рас. Трамп пен Ким арасында Сингапурда және Вьетнамда екі мәрте кездесу өтті. Осыған қарамастан тараптар ядролық қарудан бас тарту және экономикалық дамуды қолдау тақырыптарында пікір бірлігіне келе алмады. Маусымдағы кездесуден кейін Солтүстік Корея АҚШ-пен келіссөзді тоқтатып, зымыран сынақтарын жалғастырған болатын. 

Дереккөз: Qazaqtimes.com

3 қазан 2019, 11:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.