Атырау, 20 мамыр 03:33
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Украинада 336 ресейлік қамауда отыр

2 072 просмотра


Украинада 336 Ресей азаматы қамауда отыр деп хабарлады Украинаның мемлекеттік қылмыстық-атқару қызметі. 1 қыркүйек күнгі жағдай бойынша, 130 ресейлік - тергеу изоляторында, 206 сотталушы түрмеде жазасын өтеп жатыр.

Украина мен Ресей 7 қыркүйекте  тұтқындармен алмасты. Бұл операция барысында 2018 жылы қараша айында Керчь бұғазында ресейлік ФСБ ұстаған 24 украин теңізшісі елге оралды. Украинаға оралғандар арасында Қырым татар белсендісі Эдем Бекиров, Владимир Балух, Александр Кольченко, Олег Сенцов, Ресей аннексиялап алған Қырымда ұсталып, сотталған Евгений Панов, Роман Сущенко, Павел Гриб, Станислав Клых, Николай Карпюк, Артур Панов, Алексей Сизонович те болды.

Ал Украина Ресейге "мемлекетке сатқындық жасады" деп айыпталған РИА Новости Украина агенттігінің бас редакторы Кирилл Вышинский, малайзиялық "Боинг" ұшағының апаты бойынша күдікті ретінде танылған Владимир Цемах және өзге 33 Ресей азаматын тапсырды.

Украиналық БАҚ-тың жазуынша, бұған дейін Голландия билігі Украина басшылығынан "Боинг" апаты бойынша өте маңызды куәгер Цемахты Ресейге бермеуді сұраған. Өзін-өзі жариялаған "Донецк халық республикасының" әуе шабуылына қарсы әскери бөлімінің бұрынғы жетекшісі Владимир Цемахты украиналық арнайы қызмет өкілдері биыл маусым айының соңында Донбаста ұстаған.

Украина түрмелерінде жалпы 50 мыңнан астам сотталушы бар.

Дереккөз: Азаттық радиосы

3 қазан 2019, 11:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.