Атырау, 20 мамыр 03:03
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Бердімұхамедов министрді қызметінен босатып, генерал шенінен айырды

2 283 просмотра


Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Исгендер Муликовты барлық атағынан айырып, қызметінен босатты, деп хабарлайды РИА Новости.

Түрікменстандық телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, мемлекет басшысы 1 қазан күні өткен үкіметтің бірлескен отырысы мен қауіпсіздік кеңесінің отырысында ішкі істер министрін қызметтен босату туралы қаулы шығарған.

Гурбангулы Бердімұхамедов Исгендер Муликовты қызметін асыра пайдаланғаны үшін министр лауазымынан босатып, шенін полиция майорына дейін төмендететінін мәлімдепті. Сондай-ақ, ол Муликовты барлық мемлекеттік наградасынан айырған.

Мемлекет басшысы бұрынғы министрге 12 рет қатаң сөгіс жарияланса да, одан тиісті қорытынды шығармағанын атап өтті.

Түрікменстанның ішкі істері министрі лауазымына Мамметхан Чакыев тағайындалды. Ол осыған дейін вице-премьер қызметін атқарып, елдегі өнеркәсіп, көлік және байланыс мәселелеріне жауап берген.

Мамметхан Чакыевтың күштік құрылымдарда еңбек тәжірибесі бар. Ол 2017 жылдың ақпанында мемлекеттік кеден қызметін басқарған. Сол жылдың маусымында экономикалық қылмыстырға қарсы күрес қызметінің директоры болған. Бұл қызметте 2018 жылдың сәуіріне дейін жұмыс істепті.

Айта кетейік, Мамметхан Чакыев ішкі істер министрі қызметіне 2009 жылдың мамырында тағайындалған. Осы уақыт аралығында президенттен қатаң сөгіс те алыпты. Тіпті, 2013 жылдың сәуірінде шені полиция-майорынан полковникке дейін төмендеген.

Дереккөз: Sputniknews.kz

2 қазан 2019, 15:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.