Атырау, 20 мамыр 03:48
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Роскомнадзор "Ферғана" сайтын бұғаттады

2 014 просмотра


Роскомнадзор (Ресейдің байланыс, ақпараттық технологиялар және бұқаралық коммуникацияны бақылау жөніндегі федералдық қызметі - ред.) Орталық Азия елдері жаңалықтарын тарататын "Ферғана" агенттігін бұғаттады. Сайт Ресей аумағында ақпарат таратуға тыйым салынған ресурстар тізіміне енген. Енді қолданушылар Ресей аумағынан сайтқа кіре алмайды.

"Ферғана" агенттігінің өкілдері сайтта "бұғаттау" себебін білмейтінін, ресейлік агенттіктен ескерту алмағанын жазған. Агенттік ақпарат құралы ретінде Ресейде ресми тіркеуден өткен.

"Ферғана" сайты бұған дейін әр жылдары Ресей аумағында бұғатталып, қайта ашылған еді. Қазір агенттік сайты Ресейден бөлек Түркіменстанда да жабық. Қазақстанда 2014 жылы тамыз айында бұғатталып, кейінірек қайта ашылған.

Дереккөз: Азаттық радиосы

2 қазан 2019, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.