Атырау, 20 мамыр 07:17
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Тәжікстан мен Ауғанстан тұтқын айырбастады

2 481 просмотра


Дүйсенбі күні Тәжікстанның Төменгі Пянж шекара аймағында Ауғанстан мен Тәжікстан тұтқын айырбастады. Бұл шараны «Тәжікстан мен Ауғанстан арасында тұтқын айырбастау туралы» 2010 жылы жасалған келісім бойынша жүзеге асырған.

Тәжікстан Ауғанстанның 48 азаматын қайтарған. Тәжік билігінің сөзіне қарағанда, тұтқындардың көпшілігі - есірткіні заңсыз жолмен тасумен айналысқандар.

Ауғанстан терроризммен айыпталып, ауған түрмесінде отырған бірнеше тәжік азаматын Тәжікстанға бергенін мәлімдеді. Келісім бойынша тұтқындар қалған жаза мерзімін өз елдерінде өтеуі тиіс.

Биылдыққа Тәжікстан мен Ауғанстан екінші рет тұтқын айырбастады. Шілдеде тәжік билігі Кабулға 80 тұтқын қайтарған.

Тәжікстандағы Ауғанстан елшілігінің дипломаты Саидмасуд Бадахштың 30 қыркүйекте Азаттыққа айтуынша, Тәжікстан түрмесінде Ауғанстанның әлі де 70 азаматы қамауда отыр.

Дереккөз: Азаттық радиосы


1 қазан 2019, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.