Атырау, 20 мамыр 05:53
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​ЕО Испаниядан Меркель – Макрон тандемін шығармақ

2 184 просмотра


Еуропалық одақ Испаниядан Меркель –  Макрон тандемін жалғастыра алатын жаңа саясаткерді дайындамақ. Бірақ, Испаниядағы саяси дағдарыс жалғаса берсе, ел еуропалық институттардағы өз әлеуетін жоғалтып, беделіне нұқсан келтіруі мүмкін. 

ЕО-дағы дереккөздерге сілтеме жасаған El Pais басылымының мәліметінше, Брюссель Пиреней Корольдігіндегі жағдайды мұқият қадағалап отыр. Испаниядағы төрт жылдың ішінде кезекті жалпы сайлауды өткізу туралы шешім Еуропаның дамыған елдері тарапынан Мадридке деген сенімге күдік ұялата бастаған. Испания билігі осыған дейін Федерика Могериниден соң ЕО сыртқы саяси қызметінің басшысы лауазымына Жозеп Боррельдің кандидатурасын ұсынуға қол жеткізген болатын. Брюссельдегі ресми өкілдер: «Бізге Меркель – Макрон тандемін толықтыра алатын Социалистік көшбасшы қажет болды және Испания сияқты проеуропалық елде жас тұлғаның саяси аренада бой тіктеуі маңызды», – дейді. 28 сәуірде Испанияда өткен жалпыға бірдей сайлау қорытындысы бойынша Испан Социалистік жұмыс партиясы (ИСРП) жеңіске жеткен. Дегенмен, саяси күш министрлер кабинетінің басшысы лауазымына Санчесті өз бетінше бекітуді мақсат етті. Соңғы жылдары басқарушы топқа басты одақтас ретінде танылған «Подемос» («Біздің қолымыздан келеді!») партиясымен үкімет арасындағы келіссөздер табысты болған жоқ. Бұл саяси күш коалициялық Үкіметтің қалыптасуын талап етті. Испания Конституциясы бойынша, 23 қыркүйекке дейін парламенттік топтар саяси дағдарысты шешуі тиіс болатын. 

Алайда, саяси топтар мен билік ортақ келісіссөзге қол жеткізе алмағандықтан, Испанияда кезектен тыс сайлау өтетін болды.

Дереккөз: Qazaqtimes.com

30 қыркүйек 2019, 17:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.