Атырау, 8 мамыр 22:08
 ашықВ Атырау +9
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

БАӘ-нің тұңғыш азаматы Байқоңырдан ғарышқа ұшуға дайындалуда

2 264 просмотра


25 қыркүйек Біріккен Араб Әмірліктері үшін тарихи күн болмақ. Осы күні "Байқоңырдан" ғарышқа Эмираттың тұңғыш астронавты Хаззаа Аль-Мансури ұшады, деп хабарлайды Today.kz.

Хаззаа Аль-Мансури 35 жаста. Ол Халифа бин Зайд колледжінің авиация ғылымдарының бакалавры, әскери ұшқыш, әскери авиацияда 14 жылдық еңбек өтілі бар. БАӘ-нің шетелдердегі оқу бағадарламаларына қатысқан. Халықаралық ғарыш станциясына ұшудың 1,4 мыңнан астам сағаттық  және 90 курстық аранайы дайындықтан өтті.

Эмириаттың тұңғыш астронавты ғарышқа америкалық астронавт Джесика Меир мен ресейлік ғарышкер Олег Скрипочкадан тұратын экипаждың құрамында ұшады. Аль-Мансури Халықаралық ғарыш станциясында сегіз күн болып, ғарышта 16 ғылыми эксперимент өткізеді.

Дереккөз: Today.kz

24 қыркүйек 2019, 16:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.