Атырау, 8 мамыр 14:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Трамп Таяу Шығысқа әскер жіберді

2 024 просмотра


АҚШ президенті Дональд Трамп Таяу Шығысқа әскер жіберуді мақұлдады. Жұма күні Пентагон таратқан ақпарға сәйкес америкалық әскерилер Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірлігінде әуе және зымыранған қарсы қорғанысты күшейтеді. 

Қорғаныс министрі Марк Эспердің сөзінше қорғанысты күшейту Саудия мен БАӘ-нің өтініші болған, мақсат – тек қорғаныс қана. АҚШ ҚК штаб жетекшілерінің төрағасы Джозеф Данфорд Таяу Шығысқа қанша әскер жіберілетінін нақтыламады. Нақты ақпаратты қорғаныс министрлігі келер апта береді деді ол. Қорғанысты күшейтуге Сауд Арабиясындағы Saudi Aramco мұнай компанияларына дрондардың шабуыл жасауы себеп болды. Шабуыл кесірінен Саудия мұнай өндіруді екі есеге қысқартуға мәжбүр болды. Бұған ресми Эр-Рияд пен Вашингтон Иранды айыптаса, йемендік хуситтер шабуылға жауапкершілікті алды. Алайда Эр-Рияд пен Вашингтон бұған иланбайды. Ал Тегеран болса, айыптауларды жоққа шығарды.

Дереккөз: Aikyn.kz

23 қыркүйек 2019, 12:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.