Атырау, 8 мамыр 19:44
 ашықВ Атырау +9
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Вашингтонда атыс болып, бір адам қаза тапты

1 877 просмотра


АҚШ астанасы Вашингтонда атыс болып, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі мен полиция келген. Атыс салдарынан алты адам зардап шекті. Кейін олардың бірі қаза тапқан.  

NBC телеарнасының мәліметі бойынша, жарақат алғандардың бәрі ауруханаға жеткізілген, оның екеуі ауыр жағдайда жатыр. 

"Тергеу кезінде алты адамның оқтан жараланғаны анықталды. Кейін олардың бірі қаза тапты, қалған бесеуі түрлі ауырлықтағы жарақатпен жергілікті ауруханаға жеткізілді", - деді Вашингтон полициясының өкілі Стюарт Эмерман. 

Жарақат алғандардың төртеуі ер адам, біреуі әйел. 

Эмерманның айтуынша, полиция атыстың себебін анықтай алмай жатыр. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

20 қыркүйек 2019, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.