Атырау, 20 мамыр 07:17
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Трамп Цукербергпен кездесті

2 123 просмотра


«Facebook» басшысы Марк Цукерберг пен АҚШ президенті Дональд Трамп кездесті. "Axios" басылымының мәліметінше, Трамп Цукербергті Ақ үйде қабылдаған. 

Кездесу барысында ғаламторды реттеу мәселелері талқыланған. «Марк қазір Уашингтонда іс-сапармен жүр. Ол онда саясаткерлермен кездесіп, болашақта интернеттен төнетін қауіптер және оны қалай реттеу керектігі жөнінде талқылаулар өткізуде» - делінген «Facebook» баспасөз қызметі таратқан мәліметте. Бұған дейін Марк Цукерберг АҚШ Конгресінде жабық кездесу өткізген. Онда қандай тақырыптарда келіссөздер жүргізілгені әзірге белгісіз.

Дереккөз: qazaqtimes.com 

20 қыркүйек 2019, 09:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.