Атырау, 19 мамыр 22:57
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Макрон Зеленский мен Путинді кездесуге шақырды

1 940 просмотра


Франция президенті Эммануэль Макрон Донбасстағы жағдайды талқылау мақсатында Зеленский мен Путинді кездесуге шақырды. 

Financial Times басылымының мәліметінше, Макрон, сонымен қатар, Еуропалық одақ пен Ресейдің дипломатиялық қарым-қатынасын нығайтқысы келеді. Дегенмен, оның бұл жоспарын одаққа мүше өзге мемлекеттер құптаған жоқ. Ресейдің «агрессиялық саясатынан» сақтанып, оған қарсы санкциялар пакетін енгізуді құптайтын мемлекеттер қатарында Германия, Нидерланды, Польша, Ұлыбритания және Балтық бойы елдері бар. Донбасс, Қырым мәселесіне қатысты көшбасшылардың бірінші кездесуі қыркүйектің соңында Парижде өтеді деп жоспарланған. Тараптар ортақ келісімге келе алса, Мәскеу мен Киев халықаралық кризистік тақырыптарды талқылауға атсалысуы мүмкін. Ресми Париж аталған келіссөз негізінде Донбасстағы соғыс аяқталып, екі ел бірлескен қадамға барады деген үмітте. 

Дереккөз: qazaqtimes.com

12 қыркүйек 2019, 11:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.