Атырау, 20 мамыр 02:08
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

АҚШ-та 11 қыркүйек күнгі теракті құрбандарын еске алды

2 752 просмотра


11 қыркүйекте АҚШ-та осыдан 18 жыл бұрын болған қайғылы оқиғаны еске алды. Оқиға куәгерлері және терактіден зардап шеккендердің туыстары Дүниежүзілік сауда орталығы ғимараты болған маңға жиналып, құрбандарды еске алды.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде бір минут үнсіздік жариялады. Бұдан соң Пентагонға шабуылдың салдарынан қаза тапқан отбасыларға арналған шараға барды. Жұрт алдында сөйлеген Трамп "Талибан" радикалды қозғалысына қарсы әскери операцияны жалғастыруға уәде берді.

Қыркүйек айының басында АҚШ президенті Кабулдағы жарылыстан соң тәліптермен келіссөз жүргізуді тоқтатқан еді. "Талибан" қозғалысы жарылыс жасағанын мойындады.

2001 жылы 11 қыркүйекте болған терактіні "Әл-Қаида" террористік ұйымымен байланысы бар 19 содыр жасаған. 18 жыл бұрын болған бірнеше терактіде содырлар төрт жолаушы ұшағын айдап әкетіп, екеуін Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығының ғимаратына, үшіншісін Пентагонға апарып соққан. Ал төртінші ұшақтағы жолаушылар терроршыларға қарсылық көрсетіп, ұшақ Пенсильвания штаты аумағына құлаған. Террорлық актілерден барлығы үш мыңға тарта адам қаза тапқан. Алты мың адам жараланған. Бұл іс бойынша алғашқы сот отырысы 2021 жылы қаңтар айына белгіленген.

Дереккөз: Азаттық радиосы

12 қыркүйек 2019, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.