Атырау, 17 мамыр 17:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Ақтөбеде лаңкестік әрекет жасамақ болғандар сотталды

1 886 просмотра

Ақтөбеде лаңкестік әрекет жасауға оқталған үш жігітке қатысты сот үкімі шықты. Өңірдегі ішкі істер департаменті ғимаратының күлін көкке ұшырмақ болды деп айыпталған олар 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды.

Үш адамнан құралған топқа жетекшілік еткен Аббасов, полиция қызметкерлеріне қарсы жихад жариялау туралы үгіт-насихат жүргізген. Тіпті экстремистік сайттардың көмегімен жанкешті болуға да әзірленіпті. Жарылғыш заттарды дайындауға екі сыбайласы қаржылай көмек көрсеткен. Олар биліктің назарын өздеріне аудартып, тіпті Ақтөбедегі ішкі істер департаменті ғимаратындағы көк байрақтың орнына, жихад туын ілуді мақсат еткен.Абырой болғанда олар арам ойларын жүзеге асыруға үлгермей ұсталды. Тергеу барысында белгілі болғандай, бұл үшеуі былтыр Ақтөбе іргесіндегі саяжайда көзі жойылған экстремистік топ мүшесі үшін кек қайтаруға бел буған екен.

Дереккөз: КТК

23 қазан 2012, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.