Атырау, 20 мамыр 02:42
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Пхеньян тағы да зымыран ұшырды

2 060 просмотра


10 қыркүйекте Cолтүстік Корея Жапон теңізіне қарата екі зымыран ұшырды деп хабарлады Оңтүстік Корея әскерилері. Пхеньян ядролық бағдарламасының болашағы туралы АҚШ-пен келіссөздерді жалғастырмақ ниеті барын білдірген соң іле-шала зымыран ұшырған деп хабарлады "Америка дауысы".

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея арасындағы шекарада кездескеннен кейін Пхеньян осымен сегізінші мәрте зымыран сынағын өткізді.

Жапония қорғаныс министрлігі ел аумағына Солтүстік Корея ұшырған зымырандар түскені туралы мәлімет жоғын, қазір ұлттық қауіпсіздігіне төтенше қауіп төніп тұрмағанын хабарлады.

"Америка дауысы" радиосы АҚШ әкімшілігінің жоғары лауазымды өкілінің "Біз Солтүстік Кореяның зымыран ұшырғанынан хабардармыз. Біз жағдайды бақылап, аймақтағы одақтастарымызбен кеңесіп отырмыз" деген сөзін келтірген.

Дереккөз: Азаттық радиосы

10 қыркүйек 2019, 09:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.