Атырау, 18 мамыр 17:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Италия коалициясы Еуроодақпен келіссөз жүргізбек

2 351 просмотра


Италияда басымдыққа ие «Бес жұлдыз қозғалысы» партиясы Еуропалық одақпен бюджет мәселесіне қатысты ортақ келісімге келіп, екіжақты байланысын нығайта түспек. 

Канадалық DBRS агенттігінің мәліметінше, елдегі коалиция дағдарысына қарамастан, «Бес жұлдыз қозғалысы» өкілдері осы жылға жаңа бюджеттік жобаны таныстырған. Жобада ел экономикасының бағыты, қаржылық нарық, инфляция көрсеткішін қадағалау және экологиялық мәселелерге көңіл бөлу жайлы бөлімдер бар. Дегенмен, Италиядағы оңпопулистік «Лига» партиясының лидері Маттео Сальвини үкіметтегі жікке бөлінуден қауіптенін, кезектен тыс парламенттік сайлау өткізу туралы бірнеше рет үндеу тастаған. 

Айта кетерлігі, аталған партия мүшелері Еуроодақпен қаржылық мәселені талқылап, бюджет жобасына қарасты түзеулер енгізбек. Былтыр Рим әлеуметтік бағдарламаларға бөлінетін қаржы көлемін 0,9%-ға ұлғайтпақшы болғанмен, Брюссель жобаны кері қайтарды. Сол кезде Еурокомиссия Италиядан алғаш рет бюджет жобасын толықтыруды талап еткен. 

Дереккөз: qazaqtimes.com

6 қыркүйек 2019, 12:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.