Атырау, 18 мамыр 15:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Эр-Рияд: Сауд Арабиясы Иранды 8 сағаттың ішінде тас-талқан етеді

4 225 просмотра


Сауд Арабиясының қарулы күштері Иранды 8 сағаттың ішінде тас-талқан етуге қауқарлы. Сауд Арабия ханзадасы Абдулла бин Сұлтан бин Нассер әл-Сауд өзінің Twitter парақшасында Иранға қатысты мәлімдеме жасады. 

Онда ол Сауд Арабия армиясы бетпе-бет қақтығыста Иранды 8 сағаттың ішінде тас-талқан ететіндігін айтты. «Әлемде біздің бірлігімізге, дамуымызға, шешім қабылдауымызға тең келетін күш жоқ. Сауд Арабиясының қарулы күштері Иранды бетпе-бет қақтығыста 8 сағаттың ішінде жер бетінен жойып жібереді» - деген Бин Нассер өз жазбасында. Ханзада сөздеріне дәлел ретінде жақында жарияланған Эр-Рияд әскери қуатына байланысты есепті ұсынады.  Онда «Иран ұшақтары ешуақытта Сауд Арабия аумағына жете алмайтындығы, Теһран әуе паркі Кеңестер Одағынан қалған МиГ-29 ұшақтары мен әлсіз отандық өнімдермен жабдықталғандығы жөнінде айтылған. Айта кететін бір жайт, қазіргі уақытта Сауд Арабия армиясы Йеменде әскери операция жүргізуде. Сарапшылар пікірінше, Эр-Рияд армиясы ел билігі айтқандай күшке ие емес.

Дереккөз: qazaqtimes.com

6 қыркүйек 2019, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.