Атырау, 18 мамыр 14:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Хасан Рухани: Иран жұма күні үшінші қадамын жасайды

3 010 просмотра

Иран президенті Хасан Рухани

Иран ертеңнен бастап келісімдегі міндетін азайтудың үшінші қадамын жасамақ. Бұндай мәлімдемені Иран президенті Хасан Рухани үш билік өкілдерінің басқосуында мәлімдеді. 

«Иран 2015 жылғы келісімдегі міндеттерін азайтуға жасайтын үшінші қадамын жұма күні, яғни 6 қыркүйек жүзеге асыратын болады. Ол үшін еліміздің Атом энергиясы ұйымы Иранға ядролық технологияларды зерттеу мен дамытуға қажетті барлық міндеттерін атқаруы керек», – деді Рухани өз сөзінде. 

Иран президенті сондай-ақ, ИИР қадамдары Атом энергиясы халықаралық ұйымның ережелеріне сай жасалатынын, үшінші қадам арқылы Еуропа елдеріне ескерту жасап, тағы да 60 күндік мұрсат бергенін айтты. Ол және: «Егер Еуропа елдері өздерінің келісімдегі міндеттерін толық атқарса, онда Иран да өзінің келісімдегі міндетіне қайтып оралады», – деді.

Президент Хасан Руханидың айтуынша Құрама Штаттар 16 айдан бері Иранның билігін құлатуға, ол жүзеге аспаған жағдайда жүйесін әлсіретуді мақсат етіп келеді. Бұдан тыс АҚШ Иранға санкция арқылы қысым жасап, келіссөзге көндіруге тырысқанын алға тартты. 

Дереккөз: qazaqtimes.com 


5 қыркүйек 2019, 13:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.