Атырау, 18 мамыр 14:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Украина парламенті депутатқа тиіспеушілік құқығын шектеуді мақұлдады

2 708 просмотра


3 қыркүйекте Украина парламенті - Жоғарғы рада Конституцияға халық депутаттарының тиіспеушілік құқығын шектейтін өзгертулер енгізді. Кемінде үш жүз депутаттың мақұлдауын қажет ететін шешімді парламенттің 373 мүшесі қолдап дауыс берді. Бұл туралы Азаттықтың Украин қызметі хабарлады.

30 тамызда осы заң жобасы бірінші оқылымда қабылданған. Сейсенбідегі талқылау кезінде регламенттің бұзылғанын алға тартқан ресейшіл ұстанымдағы "Оппозиционная партия – За жизнь" партиясының депутаттары жобаға қарсылық білдіріп, дауыс беруге қатысудан бас тартқаны туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

Депутаттың тиіспеушілік құқығын шектеу туралы заң жобасын осыған дейінгі шақырылымдағы парламентке сол кездегі президент Петр Порошенко енгізген. Жобада Конституциядан Жоғарғы раданың келісімінсіз депутатты ұстауға, тұтқындауға немесе қылмыстық жауапкершілікке тартуға болмайтыны туралы норманы алып тастау ұсынылған.

2018 жылғы маусымда Украина конституциялық соты бұл заң жобасын Конституцияға сай деп таныған.

Сонымен бірге Конституция халық депутатына дауыс беру нәтижесі немесе Жоғарғы рада мен оның органдарында айтқан сөзі үшін заң алдында жауапқа тартылмайтындығына (ар-намысқа тию немесе жала жабуды қоспағанда) кепіл береді.

29 тамызда жұмысын жаңадан бастаған Украина парламентінің қазіргі құрамында ел президенті Владимир Зеленскийді қолдайтын "Слуга народа" партиясы басым дауысқа ие. Бұл партия биыл 21 шілдеде өткен парламенттің кезектен тыс сайлауында (Ресей аннексиялап алған Қырым мен Киевке бағынудан бас тартқан шығыстағы Донецк және Луганск облыстарында дауыс беру өткізілген жоқ) партиялық тізіммен де, бір мандатты округтердегі сайлау қорытындысы бойынша да айқын басымдықпен жеңіске жеткен.

Дереккөз: Азаттық радиосы

3 қыркүйек 2019, 16:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.