Атырау, 18 мамыр 17:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Талибан Кабулдағы жарылысқа жауапкершілікті алатынын мәлімдеді

2 418 просмотра


Талибан қозғалысы Ауғанстан астанасы Кабул қаласында бес адам мерт болған жарылысқа жауапкершілікті алатынын мәлімдеді. Шабуылдан ондаған адам зардап шеккен. АҚШ-тың жоғары лауазымды дипломаты келген Ауғанстан президенті Ашраф Ғаниды бейбітшілік туралы келісім жобасымен таныстыру үшін Кабулға келген кезде жарылыс болған деп хабарлады Reuters.

Келісім жобасында Ауғанстаннан АҚШ-тың бес мың сарбазын шығару қарастырылған. Өз кезегінде Талибан қозғалысы АҚШ-қа шабуыл жасауды мақсат тұтатын экстремистік топтардың Ауғанстанды дайындалатын орын ретінде пайдалануына жол бермеуге міндеттеме алатыны жазылған.

2 қыркүйекте Кабулдағы халықаралық ұйымдар өкілдіктері орналасқан "жасыл аймақ" деп аталатын ауданда жарылыс болған. Алғашқы жарылыстан соң іле-шала осы ауданды жарықпен қамтамасыз етіп тұрған станцияда электр генераторлары жарылған.

Талибан қозғалысының өкілі жарылыс шетелдік қызметкерлер тұратын ауданға жасалғаны туралы мәлімдеген. Бомба орнатылған автокөлік жарылғаннан кейін қарулы содырлар шабуыл жасаған.

Ауғанстан ішкі істер министрлігінің өкілі шабуыл салдарынан бес кісі өліп, 50 адам жараланғаны туралы хабарлады.

Дереккөз: Азаттық радиосы

3 қыркүйек 2019, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.