Атырау, 20 мамыр 15:34
 ашықВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Нигерияда қарулы топ мешітке келушілерге оқ жаудырды

2 252 просмотра

Нигерияның солтүстігіндегі Кадуна штатында бір топ қарулы қарақшылар мешітке келгендерге оқ жаудырып, 22 тұрғынды мерт қылды.

Тергеушілердің мәлімдеуінше, олар мұндай әрекет арқылы ауылдың адамдарынан өз достары үшін кек алған. Бұған дейін жергілікті халық осы қылмыскерлердің 4 сыбайласын полицияға ұстап берген. Қаныпезерлер дәл осы адамдарды іздеп келіп, ауылға ертемен лап қойған. Қақтығыс кезінде қарақшылардың екеуі мерт болды.

Айта кететін жайт, Нигерияның оңтүстігіндегі мұсылмандар мен солтүстігіндегі христиандар арасындағы этникалық дау-дамай мен жер үшін талас көбіне-көп осындай қанды қақтығысқа ұласып тұрады.
Дереккөз: kaztrk.kz
15 қазан 2012, 17:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.