Атырау, 19 мамыр 09:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

«Полиция әрекетіне шағымданған тұрғындар және блогердің "жоғалуы"», «Қытайдағы қысым жайлы дабыл қаққан ұйымның тіркеу машақаты», «Қазақстанда ауруханалар саны қысқартылады. Не себепті? Қалай?», «Тбилисидегі наразылық: Жаңа талаптар, ерте сайлау».

2 432 просмотра

AZATTYQ.ORG «Қытайдағы қысым жайлы дабыл қаққан ұйымның тіркеу машақаты» - Қытай қазақтарының мәселесімен айналысатын "Атажұрт еріктілері" ұйымының тіркеу жайлы төрт рет берген өтінішін әділет департаменті кері қайтарды. Ұйым өкілдері мұның саяси астары бар деп топшылайды. Мемлекеттік орган оны жоққа шығарады. Кей сарапшылар қоғамдық-саяси мәселелер көтеретін ұйымдар тіркеу мәселесінде қиындыққа кезігетінін айтады. 

«Тбилисидегі наразылықтың үшінші күні: Жаңа талаптар, ерте сайлау» - Маусымның 22-сі Грузия астанасы Тбилисиде мыңдаған адам Ресейге қарсы шеруге шығып, шенеуніктердің отставкасы мен кезектен тыс сайлау өткізуді талап етті.

«Полиция әрекетіне шағымданған тұрғындар және блогердің "жоғалуы"» - Осы аптада аймақ баспасөзі сайлаудан кейін "заңсыз ұсталған бірнеше азаматтың" полиция үстінен арыз түсіргенін, Қостанайда атақты өлкетанушы-фотограф, Ашаршылық және қуғын-сүргін жылдарындағы деректі суреттердің авторы Дмитрий Багаев көрмесі ашылғанын, блогер Әнуар Нұрпейісовтің "жоғалып кеткені" жайлы жазды.

«"Ем жоқ. Дертім жанымды жейді". Қамаудағы сырқаттың күні» - Алматы облысындағы түрмеде жазасын өтеп жатқан Гаухар Құдабаева бір айдан бері төсекке таңылып қалды. Бойынан жаман ауру табылған соң бір үміті – химиотерапияда. Ол қамауда дұрыс ем алмағанын айтады. Тұтқынның түрмеге "ауырып түскенін" айтқан колония әкімшілігі оны денсаулық жағдайына байланысты мерзімінен бұрын босатуға бейіл.

«Ресей депутатының грузин спикерінің орнына отыруы наразылыққа себеп болды» - Грузияда ресейлік депутаттың ұлттық парламентте өткен жиында төрағаның орындығына отырып алуы жаппай наразылыққа түрткі болды. Мыңдаған адам Тбилиси көшесіне шықты. Полиция наразыларды тарату үшін арнайы құралдар қолданды.

INFORMBURO.KZ. «Қазақстанда ауруханалар саны қысқартылады. Не себепті? Қалай?» - Қазақстанда шамамен 700 аурухана бар. Адамдарға тегін көрсетілетін медициналық қызметтері үшін оларға жылына 1 триллион теңге төленеді. Енді бәрі өзгермек. Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры ұйымдастырған ашық пікірталаста журналист сауалына: – Әлемнің дамыған елдерінде ауруханалардың барлығы көпсалалы болып табылады. Сол себепті біз де осындай стандартты қабылдадық. Ауруханаларды біріктіріп, ірілендіретін боламыз. Өткен жылы 90 аурухананың 30-ы біріктірілді, – деп денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жауап берді. 

«"Құлықсыз" кинотеатр. Қазақ киносы қашан прайм таймда көрсетіледі?» - Қазақ тілінде дыбысталған шетел кинолары да прайм тайм кезіне қойылмайды. Кинотеатрларда қазақтілді киноларға сұраныс аз ба?


24 маусым 2019, 12:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.