Атырау, 3 мамыр 02:28
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Теңізді бірлесіп бұрғылайды

3 351 просмотра


7 маусымда Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Алик АЙДАРБАЕВ пен «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ президенті Вагит АЛЕКПЕРОВ Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы «I-P-2» жобасының қағидаттары туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Компаниялар ынтымақтастықтың негізгі шарттарын мақұлдап, «I-P-2» жобасын бірлесіп іске асыруға дайын екендіктерін білдірді және теңіз учаскесінде жер қойнауын пайдалану құқығын алу мақсатында ҚР Энергетика министрлігімен келіссөздер жүргізуді жоспарлап отыр. Көмірсутегі шикізатын барлау, өндіру бойынша шарт жасау және бірлескен кәсіпорын құру келесі қадам болады деп жоспарланды.

«I-P-2» лицензиялық блогы Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан. Мұнда теңіз тереңдігі 300-ден 400 метрге дейін, ең жақын жағалауға дейінгі (Ақтау) қашықтық - 130 шақырым. Әртүрлі жылдары блок шеңберінде 2D сейсмикалық барлау жұмыстары жүргізілді.

Бұрын «ҚазМұнайгаз» төрағасының орынбасары Құрманғазы Есқазиев хабарлағандай, жұмыстар 70 млн долларға бағаланып отыр - 3 километр тереңдіктегі бір барлау ұңғымасын бұрғылау құны осындай болады.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

11 маусым 2019, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.