Атырау, 18 мамыр 11:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Түрмеде отырған содырлар бүлік шығарып, үш қарауылды жайратып салды

2 430 просмотра


Колония басшылығы қатаң шара қабылдап, абақтыны күшпен бақылауға алуға мәжбүр болды.

Душанбеде жексенбіге қараған түні жазасын өтеп жатқан бір топ содыр бүлік шығарып, түрменің үш күзетшісін өлтірді.

Бүлік Тәжікстан астанасы Душанбеден 15 шақырым жерде орналасқан колониядан шыққан, деп хабарлайды РИА Новости.

Жазасын өтеп жатқан бүлікшілер ДАИШ экстремистік ұйымына мүше болғаны үшін сотталған екен. Олардың барлығы пышақ және басқа да өткір заттармен қаруланған.

"Шамамен 30 адам өздерін босатуды талап етіп, үш қарауылды кепілге алып, өлтіріп тастады", - делінген Тәжікстан әділет министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Түрме басшылығы тұтқындармен бірнеше сағат бойы келіссөз жүргізген. Алайда бүлікшілер колония әкімшілігінің қызметкерлеріне тағы да шабуыл жасап, салдарынан кейбірі жарақат алды.

Осыдан кейін түзеу мекемесінің басшылығы қатаң шара қабылдап, абақтыны күшпен бақылауға алуға мәжбүр болды. Тұтқындардың кейбірі көз жұмды, олардың саны нақтыланып жатыр.

"Қазіргі таңда колониядағы жағдай тұрақты және бақылауға алынды", -деп хабарлады Тәжікстанның әділет министрлігі.

Құқық қорғау органдары осы факті бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Дереккөз: sputniknews.kz

20 мамыр 2019, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.