Атырау, 18 мамыр 10:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Евровидение 2019": байқау финалистері анықталды

Бейнежазба
2 715 просмотра


Тель-Авивте "Евровидение 2019" халықаралық ән байқауының екінші жартылай финалы өтіп, 18 мамырда финалдық шоуға қатысатын тағы он қатысушы іріктелді. Екінші жартылай финалда көрермендер 18 конкурсанттың өнеріне баға берді.

Финалға жолдама алғандар арасында Ресей атынан қатысып жатқан әнші Сергей Лазарев та бар. Сахнаға он үшінші нөмірмен шыққан ол "Scream" әнін орындады.

Екінші жартылай финалда, сондай-ақ, Солтүстік Македония, Нидерланды, Албания, Щвеция, Әзербайжан, Дания, Норвегия, Швейцария және Мальта өкілдері жеңімпаз атанды.

Бірінші жартылай финалдың қорытындысы бойынша "Евровидение 2019" байқауының финалында Грекия, Беларусь, Сербия, Кипр, Эстония, Чехия, Австралия, Исландия, Сан-Марино және Словения өкілдері де бақ сынайды.

Байқау ережелері бойынша, "Евровидение" негізін қалаған тағы бес мемлекет пен конкурс өтіп жатқан елдің өкілдері финалға автоматты түрде жолдама алады. Бұл Франция, Италия, Германия, Испания, Ұлыбритания және Израиль.

Байқау сайтында финалдық шоудың қонағы Мадонна болады деген ақпарат жарияланды. Ол  Future атты жаңа әнін шырқайды.


Дереккөз: sputniknews.kz

17 мамыр 2019, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.