Атырау, 4 мамыр 03:28
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

​Шереметьеводағы ұшақтан шыққан өрттен 41 адам қаза тапты

3 210 просмотра

© instagram.com/irush_ya
Шереметьево әуежайындағы ұшақтан шыққан өрттен қаза тапқандардың тізімі жарияланды Шереметьево әуежайында "Аэрофлот" компаниясының Sukhoi Superjet 100 ұшағымен болған апатта 41 адам қайтыс болды. Бұл туралы РФ ТК Мәскеу өңіраралық тергеу басқармасы басшысының аға көмекшісі Елена Марковская мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат порталына сілтеме жасап. 


"41 адам", - деп жауап берді ол журналистердің сұрағына. 4 экипаж мүшесі және 33 жолаушы аман қалды. Құрбандардың бірі - жолсерік Максим Моисеев, - деп жазады Вести.ru тілшісі. Куәгерлердің айтуынша, ол соңына дейін жолаушыларды жанып жатқан ұшақтан шығарған. Оған әріптестері Татьяна Касаткина мен Ксения Фогель көмектескен.   

Мәскеуден Мурманск қаласына бара жатқан "Аэрофлоттың" Sukhoi Superjet 100 ұшағы жексенбі күні Шереметьево әуежайына шұғыл оралды, оған ұшақаннан кейін 28 минут өткен соң қонуға тура келген. 

Ұшақ қиын метеожағдайларға байланысты екінші мүмкіндіктен ғана тоқтай алды. Бірақ жерге қонып жатқан кезде тіректері сынып, қозғалтқышынан от шықты.  Ресей Тергеу комитетінің ресми өкілі Светлана Петренко бортта болған 78 адамның 37-і тірі қалғанын хабарлады.

Дереккөз: tengrinews.kz

6 мамыр 2019, 09:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.