Атырау, 3 мамыр 22:15
 ашықВ Атырау +10
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

​Үндістанда жоғарғы қауіптілік режимі жарияланды

3 024 просмотра


Үндістанға таяп қалған «Фани» циклонынан жергілікті билік 200-ге жуық теміржол қатынасын кейінге шегерді. Калькутта мен Бхубанешвар қаласында әуе рейстері тоқтатылды. 

Құтқарушылар қауіпті жерлерден 1 миллионға жуық тұрғынды эвакуациялап үлгерді. Мамандар «Фани» циклонының желі сағатына 190 шақырымға дейін жеткенін хабарлайды. 

Болжам бойынша, Орисса штаты ең көп зардап шегуі мүмкін. Аймақтарда табиғат апатына байланысты жоғарғы қауіптілік режимі жарияланды. 

Барлық мекемелер жұмысын тоқтатты. Халық пойызбен және жүк көліктерімен қауіпсіз аймаққа көшіріліп жатыр. Айта кетейік, дәл осындай циклон осыдан 20 жыл бұрын 10 мыңға жуық адамның өмірін қиған болатын. Ал табиғат апатынан келген шығын көлемі 4 жарым млрд долларды құраған.

Дереккөз: 24.kz

3 мамыр 2019, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.