Атырау, 4 мамыр 00:00
 ашықВ Атырау +10
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Еуроодақ пен Түркия АҚШ-қа қарсы шықты

3 063 просмотра


Еуроодақ пен Түркия АҚШ-тың Иранға қатысты шешіміне алаңдаушылық білдірді. "Еуроодақ АҚШ-тың Иранның мұнай саласына салған санкцияларына алаңдайды. 

Себебі бұл түптеп келгенде Теһранмен арадағы атом келісіміне қауіп төндіреді. Әзірге Иран өзіне жүктелген міндеттерді орындауда. Еуроодақ оны бұл мәселеде қолдайды" - деді Брюссель қаласында ЕО климат мәселелері бойынша комиссары Мигель Ариас Канете. Өз кезегінде Анкара қаласында баспасөз мәслихатын өткізген Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы: "АҚШ қабылдаған шешімнің қай жағынан алып қарасаң да зиян алып келетінін көресің" - деп мәлімдеді. Ресми Анкараның сөзінше, Түркия қысқа уақыт аралығында үшінші бір елдерден мұнай сатып ала алмайды. Естеріңізге салайық, осыдан біраз уақыт бұрын АҚШ Иранның мұнай саласына санкция салатынын мәлімдеген. Уашингтон осыған дейін Ираннан мұнай сатып алып келген елдерге берілетін жеңілдіктердің барлығы алынатынын және Теһранмен сауда келісімін жасаған компаниялардың барлығына санкция салатынын айтқан. Өз кезегінде Теһран жаппай қырып-жою қаруын таратпау туралы келісімінен шығатынын айтып, "Иран кез келген арандатушы әрекетке жауап береді"- деп мәлімдеген.

Дереккөз: qazaqtimes.com

3 мамыр 2019, 10:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.