Атырау, 4 мамыр 02:21
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

​Францияда 160 мың адам еңбек мерекесін атап өту үшін шеруге шықты

2 145 просмотра


Францияда 160 мың адам еңбек мерекесін атап өту үшін қала көшелеріне манифестацияға шықты. 

Ең ауқымдысы Париж қаласында ұйымдастырылды. Дәстүр бойынша оған кәсіподақ ұйымының басшылары мен жұмысшылар атсалысты. Шаһарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 7 мыңнан астам әскери жұмылдырылды. 

Бұған қарамастан мереке тәртіпсіздікке ұласты. Шараға қатысқан сары жейдеділер полицияға шабуылдай бастаған. Қақтығыстардан 200-ден астам адам қамауға алынды. 

Жиналғандарды тарату үшін полиция көз жасаурататын газ қолданды. Оларға қарымта жауап ретінде шерушілер гранаталар лақтырған.  

Натали Жозеф, манифестацияға қатысушы: 

- 1 мамыр еңбек мерекесі болып есептеледі. Оған кәсіподақ өкілдері мен жұмысшылар қатысады. Әдетте бұндай шара бейбіт түрде, көңілді өтетін. Өкінішке орай, осы жолы тәртіпсіздікке ұласты. Көшеге шыққан халық көз жасаурататын газдан зардап шекті.

Дереккөз: 24.kz

2 мамыр 2019, 15:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.