Атырау, 3 мамыр 21:15
 ашықВ Атырау +10
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Зеленскийдің жеңгені сайлаудан кейін тоғыз күннен соң ресми хабарланды

2 445 просмотра


Украина орталық сайлау комиссиясы сейсенбі күні, 30 сәуірде президент сайлауының екінші турының нәтижесін бекітті.

Киевте өткен жиында комиссия сайлауда Владимир Зеленскийдің жеңгенін ресми түрде хабарлады. Қаулыға президенттікке кандидаттардың өкілдері қол қойды. Дауыс беру нәтижесіне күмән келтіргендер болмаған.

Екінші турда Зеленский – 73,23 пайыз, қарсыласы Петр Порошенко 24,46 пайыз дауыс жинаған.

Украинада жаңа президенттің инаугурациясы сайлаудың ресми нәтижесі жарияланған соң 30 күн ішінде өтуі тиіс. Оның уақытын жоғарғы рада (парламент) бекітеді.

41 жастағы Владимир Зеленский – актер, шоумен, продюсер, "Квартал-95" студиясының жетекшісі. Президенттікке кандидат болардан бұрын саясатта жүрмеген, бұрын-соңды мемлекеттік лауазымда болмаған.

Дереккөз: Азаттық радиосы

1 мамыр 2019, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.